Елдар Құдайбергенов фото

Елдар Құдайберген

Қазақ тіліндегі жеке блог

Стрим не болды сонымен?

ЖИ мен бағдарламалауды ағылшын тілінде үйренушілерге арналған стримдерімді алдағы дүйсенбіде бастаймын.

— деп басталған дүние үш-ақ қадам жасап, қазір тоқтап тұр. Шынын айтайын: уақыт жоқ. Әмрикада әлі тұрақты жұмыс таппадым, сондықтан күнделікті өмірім мен табыс жоспары кішкене хаосқа айналған. Осы себептен Қаңбақ шал сияқты қашан үзіліс болатынын, қашан жұмыс шығатынын нақты айту өте қиын. Кейде ойлайсың: «Әр дүйсенбі үйде боламын, демаламын» деп. Ал келесі аптада тура сол күні керемет жұмыс шығып қалады.

Мен үшін, әрине, стримге қарағанда күнделікті табыс маңызды. Сондықтан ол күні стрим болмайды. Сосын тағы бір шаруалар шығып, келесі стрим де өтпей қалады. Бұлай жалғаса беру ыңғайсыз әрі тиімсіз.

Сондықтан мәселені былай жасайық: оқуды жалғастырамыз, бірақ мәтін және аудио форматында. Мақсатымыз маңызды, тақырып өте қызық — сондықтан қалай болғанда да бір амалын тауып бұл істі жалғастырайық.

Ал жалпы стрим жасау идеясы маған өте ұнайды. Мүмкін, болашақта рандом уақытта, рандом тақырыптарда стримдер жасап тұрармын.