Елдар Құдайбергенов фото

Елдар Құдайберген

Қазақ тіліндегі жеке блог

Үнді фильмі

Алдыңғы жетіде Ұзын-Ағашқа, ағамның кенже ұлы мен апасы екеуі қонаққа келіпті. Мен оны біле сала аттың басын сол жақа бұрдым. Кешке таман барып, сөйлесіп, тамақ-шай ішіп болған соң, жайғасып теледидар қарап отырдық. Апасының Үндістанның шым-шытырман киносын көретін әдеті бар еді, бұл кеш ерекше болмады. Қарасам, Қыдырәлі (биыл бесте) әншейін киноны қызыға қарайтын “машинкаларымен” ойнап отыр. Менің оған қарап отырғанымды көре сала: -Бұл киноны көргем мен! – деп, ары қарай ойнай берді. Қайдан білсін Үндістанның киноларының барлығы бірдей екенін.