Елдар Құдайбергенов фото

Елдар Құдайберген

Қазақ тіліндегі жеке блог

Иммиграция туралы басты сұрақ

Әзірге мен үшін "иммиграцияға кеткенім дұрыс болды ма, жоқ па?" деген осы иммиграциядағы байланысты ең басты сұрақ болып тұр. Басқа сұрақтарға қарағанда бұл сұрақтың нақты, жалпыға ортақ, тұрақты жауабы жоқ сияқты. Кейде «кеткенім дұрыс болған екен, шүкір» десем, кейде «мүмкін…» деп бір ой басталады да, бірақ оны ары қарай ойламай-ақ қоямын. Олай ойлаудың мәні жоқ сияқты ма? Не болса ад болары болды. Мен отбасыммен осындамын, әзірге осында боламыз. Аман есенбіз, құжаттарымыз зың, жұмыс бар.

Кейде қазір қандай қиын кезеңнен өтіп жатқанымызды аңғармайтын шығармыз деп ойлаймын. Психика өзін қорғау үшін мәселені жеңіл ғылып көрсететін сияқты.

Осыларды ескере келе мен бір лайфхак таптым: мен зерттеймін. Мысалы, американдық өмір салтын, адамдарды, мәдениеті мен салттарын. Кез келген нәрсені, не құбылысты зерттеу өте қызық. Ал зерттеу объектісін, сол объекті туралы бір ерекшелікті түсіну әдемі хәл дер едім.

Алдынды Хеллоуинге шықтық. Әдетте киноларда көрсеткендерден әлдеқайда қызық болды. Мен өзім олай болады деп ойламағанмын. Кейін ойлап қарасам американдықтар өздеріне керек мерекені "қолдан" жасап ала береді екен. Хеллоуиннің негізі діни болса да, қазір ол ойын-сауық, сән-салтанат пен коммерцияға бағытталған.

Сол сияқты Thanksgiving деген мерекені алып қараңыз. Бірінші рет тойланған соң ішіндегі бір пысық осылай жыл сайын тойлап тұрсақ қайтеді деген. Кейін оны мемлекеттік мейрамға айналдырған. Қазіргі таңда бұл дерлік бүкіл мемлекет бірігіп тойлайтын әдемі мереке. Бұның арғы жағында негіз жоқ деп айта алмаймыз әрине, бірақ бұл осы жердегі халықтың өзіне керек нәрсені еш негізсіз-ақ қабылдай алатынына дәлел деп ойлаймын.

Жалпы алғанда әлгі сұраққа мен әзірге "Иә" деп жауап беремін.