ProxyFeed-тің алғашқы нұсқасы дайын

08.06.2025 • Елдар Құдайберген

Осы тақырыпқа қатысты алғашқы постар: бірінші, екінші.

Әдеттегідей, ең басты өзгерісті бірден айта кетейін: енді ProxyFeed тек подкастардың ғана емес, кез келген RSS-арналармен жұмыс істей алады. Ешқандай шектеу жоқ деуге болады.

Басында бұл құралды тек өзім үшін жасап, тек подкаст жағынан ойлаппын. Бірақ уақыт өте келе байқадым — қолданушылар мен ойлағаннан әлдеқайда көп, әрі әртүрлі екен. Енді, мысалы, осы блогтың да RSS-арнасы өзгерді: https://feed.yeldar.org/blog

Ескі арна да әзірге жұмыс істей береді. Бірақ болашақта блогымды басқа доменге ауыстыратын болсам, тек ProxyFeed жасаған арна жұмысын жалғастырады. Өйткені бастапқы (кіріс) арнаның сілтемесі өзгеріп кетеді ғой.

Монетизация туралы ойым түзелді. Осы жобаны әрі қарай дамыту үшін болашақта ақылы нұсқасын енгізу туралы жоспарым бар. Және сол төлемге лайық нақты мүмкіндіктер де болады. Қазірдің өзінде кейбір қосымша функцияларды жасап жатырмын.

Подкаст RSS-арнасына Podcasting 2.0 стандартындағы тегтерді біртіндеп қоса бастадым. Алғашқылардың бірі — <podcast:funding>. Ендігі кезекте podcast:locked болады деп отырмын. Алғашқы мақсатым — Podcast Standards Project ұсынған негізгі тегтер тізімін толық қосу. Кейін қалғандарын да енгіземін: