Қазақстандық медиалар мен билікке тік сөйлеуге тырысып жүрген бірнеше журналист, блогерлердің YouTube арналарын страйк келіп, монетизациясы өшіп, тіпті бұғатталып жатыр. Шынымды айтсам, бұған таңғалмадым: кімде бұғаттауға мүмкіндік болса, уақыты келгенде соны жасайды. Демек, егер сіз медиа не блогер болсаңыз, технологиялық тәуелсіздікті дәл қазірден бастап қалаңыз. Әлі де кеш емес.
Негізгі қағида: өз инфрақұрылымыңыз сіздің қолыңызда болуы керек.
- Өз доменіңізде бөлек сайт ашыңыз.
.kz
доменінде емес. - Аудио, видео, сурет және өзге медиа файлдарыңызды өз серверіңізде сақтаңыз.
- Алдымен өз сайтыңызда жариялаңыз, содан кейін ғана басқа желілерге дубликат ретінде таратыңыз.
Аудиториямен тікелей байланыс: оқырманды сізге тікелей жазылуға шақырыңыз email, SMS, RSS арқылы. Басқа арналарды жоққа шығармаймын - олар керек. Бірақ ол жақта сіз қонақсыз: ертең «ұнамай» қалсаңыз, бір сәтте шығарып салады. Бұл жердегі басты проблема біздің аудитория email, SMS, RSS дегендерді қолдану білмеуі мүмкін, сондықтан болашағымыз үшін аудиторияны медиасауаттандырумыз керек болады.
Мұның бәрін мен шамамен бес жыл бұрын да айтқанмын, бүгін де айтамын. Ең бастысы - медиаға шектеу салынбауы, ешқандай. Қажеттілікті жұрт өзі анықтайды. Ал алгоритмдер мен ректер тұрақсыз: бүгін бар, ертең жоқ.
Егер алдағы сайлау кезінде «ақша сындыру» үшін ғана жаңалықтар сайтын ашсаңыз, ол үшін тіпті тегін Tilda да жетеді. Ал болашағы бар, тұрақты медиа жасағыңыз келсе, қауіпсіздік пен тәуелсіздік - басты басымдығыңыз болуы шарт.
Осы тәуелсіздікті жартылай іске асырып отырған Азаттық Радиосы: домен .kz емес, медиалары өз серверлерінде. Оладың шегі заң, этика. Технологиялық тұрғыдан оларға шара жоқ десе болады.
Мен де бағдарламалап үйреніп, ProxyFeed деген құрал жасап жүрмін — ол да адамдарға өзінше бір тәуелсіздік береді. Қазір 30 RSS-арна қосылған, жоба ақырындап дамып келеді.
Ұсыныс: медиаңызды толық тәуелсіз еткіңіз келсе, хабарласыңыз. Үшеуден құралған бағдарламашылар командасымен тұтас YouTube арнаңызды жеке сайтқа көшіріп, тіпті бөлек қосымшаңызға жариялап бере аламыз. Кішкентай мысал: жан-жақта шашылып кеткен подкастымның эпизодтарын бір сайтқа жинап, әдемі де тұрақты қылып қойдым. Сіздің медиа да осындай тұрақты, тәуелсіз бола алады.
Бұл тақырып мен үшін өте қызық. Оны әрі қарай да зерттей беремін.