Қыркүйек айы
01, Дүйсенбі
1 bedroom пәтеріміздің ақысын төледім. Ай сайын $2556 немесе 1378388 теңге.
08, Дүйсенбі
Өткен аптада пәтердің ақысын төледім: $2556 немесе қазіргі бағаммен 1378388 теңге.
26, Жұма
Алдында Ағылшынша сөйлеуімнің өскенін байқағанмын, ал енді оқуым да жақсарғанын байқап жүрмін. Деңгей әдепкі жаңалық, блог, мақала дегендерді іштей аудармай-ақ оқитындай болып қалыпты.
Алдыңғы күні Coursera-дан 60 долларға 1 жылдық Plus сатып алдым. Жалпы айтарым былай: егер Америкаға гринкамен келетін болсаңыз келгенде айналысуды жоспарлап отырған сала бойынша сол салаға қатысты бірнеше сертификат алып қойыңыз. Адамдардың айтуынша жұмысқа тұрарда пайдалы болады. Енді ақырындап жазуды да дамыту керек, ал ол үшін менің білетін алғашқы қадамым ол пернетақтаға қарамай жазуды үйрену: қазір ең бастысы қатесіз жазу, кейін сан сапаға айналып, жылдамдық та өседі.
Мойындасам да, мойындамасам да бәрібір мәселе былай болып тұр: маған бағдарламалау тек өзімнің жеке қызығушылығыма ғана бола қызық. Әзірге ол салада жұмыс іздеу деген ойдан бас тартамын. Бірақ жеке жобаларымды жалғастыра беремін.
Қазан айы
01, Сәрсенбі
Мына айдағы төлем $2422 болды - 1330917 теңге. Мына ақпарақ жалпы қызықпа сіздерге?