Шілде айы
07, Дүйсенбі
Жаңа ғана барып мен Driver license-сімді RealID жасауға, ал Роза көлік жүргізуге рұқсаты жоқ RealID-ге тапсырыс беріп келдік. Екеуіміз банктен 3 statement апардық та, 39 доллардан төледік. Енді екі-үш аптада жаңасы пошта арқылы келеді-міс.
USCIS пен USPS сайттарына кіріп мекен-жайымды Orsini 1-ге ауыстырдым.
08, Сейсенбі
Соңғы екі ай Женяның 2019-шы жылғы Приусын тегін айдадым, енді ол елге оралып жатыр. Көлігін қайтарып беріп өзіме жалға жаңа көлік алмақшымын. Таптым.
Тамыз айы
29, Жұма
Мына жақта жүріп бір парадокс нәрсеге көзім жетіп жатыр: жұмысшыға аз төлеген сайын, оол көбірек жұмыс істейді екен. Мәжбүр, өйткені жаңа жұмыс табу оңай емес. Қазақстанда жүріп үш сала ауыстырып осындайды байқамаппын.
Американдықтардың күлкісіне мәз болдым. Тұрған жерін басына көтеріп күледі. Кинода карикатура деп ойлайтынмын, рас екен. Бәрі емес, басым көпшілігі.
Айтпақшы, ағылшыным тәуір боп қалды. Алдында Breaking Bad-ті толық өз тілінде көріп шықтым. Кейдеее ғана субтитрын қостым, кейде ғана)
Қазақстанда подкаст тыңдау рахат еді, әдетте ешқандай жарнама болмайды. Мына жақта жарнама деген сұмдық, оның барлығы автоматтандырылған, сондықтан өте көп. Кейбір подкастардың басында 10-15 минут тек қана жарнама болуы мүмкін 🤪
31, Сенбі
Иммиграциядағы депрессия келген сияқты.
Енді кішкене жеке, шынайы әңгіме айтайық: қазір депрессиядамын. Әлі себебін білмеймін. Ауыр. Осында шыққаным жағдайымды жеңілдеткім келген шығар деп ойлаймын. Иммиграция шынымен ауыр екен. Бұның ең терең өршіп тұрған жері мені тек қана осы жақтағы, менің жағдайымдағыдай адамдар ғана түсіне алады. Өкінішке орай басқаларға терең ашып жеткізу қиын сияқты. Тіпті психологімменде бұл жағдайды талқылауға құлқым жоқ. Көрейік енді не боларын.
Осы туралы Тредске жазып бастадым.