
podcast.kz - ресейлік қызмет
Podcast.kz иесі ресей азаматы, бұл қызмет ең алдымен ресей заңына бағынады, содан кейін барып қаласа ғана басқа елдердің заңын ескереді. Бір сөзбен айтқанда podcast.kz - ресейлік қызмет. Оның басқа да домендері бар, мысалы pc.st деген сияқты, бірақ бұның бәрі ресейлік.
Бұл жобаға менің еш қатысым жоқ. Кезінде интерфейсін қазақ тіліне аудару барысында кеңес бергенмін, болды. Енді сіздерді бұл қызметті қолданбауға шақырамын. Оның орнына подкастыңызға әмбебап сілтеме жасап беретін https://pod.link сияқты құралдарды қолдансаңыз болады.
Жақында блогыма жеке тұлғаның, мекеме не БАҚ-тың техникалық тәуелсіздігі туралы материалдар жариялаймын, подкастымның эпизодтарында да осы тақырып туралы айтамын. Егер сұрақ-пікірлеріңіз болса, маған хат жаза аласыздар.