Елдегі ЖИ туралы мәселе
Бұл жазба 2025 жылы 17 қазанда жарияланған.
ЖИ хайпқа жақсы болды. Қит етсе болды - ЖИ. Анау да ЖИ, мынау да ЖИ. Оны орынды қолдана ма, жоқ па - бәрібір. Ал оның бәрі - ары кетсе ChatGPT.
Басқа елдердің жасап қойғанын ғана қолданудан шаршамадыңдар ма? Біз сияқты ел қай салада болмасын озып, алға шығу үшін әлі ешкім жасамаған нәрсені жасау керек. Қытай сияқты қыруар халқы бар ел болсақ, санмен-ақ алар едік. Ал біз небәрі 20 миллионбыз. Бұл - әлемдік аренада түк емес. Бізді алға сүйрейтін тек жаңа инновациялар ғана. Ал қазір - ЖИ заманы.
Енді сол инновация қайдан және қалай пайда болады? Мысалы, ЖИ-ді алайық (немесе жалпы кез келген саланы). Ол үшін ЖИ-ді тереңінен, негізінен бастап игеру керек. Қазіргі кездегідей орташадан қосыла салу алысқа апармайды. Мысалы, әлгі SKAI-ды жасағанша, freeCodeCamp, The Odin Project, Exercism, futurecoder, CS50 сияқты ашық әрі тегін дүниелерді тілімізге аударған дұрыс еді.
Немесе халық жаппай ағылшын тілін игеруі керек. Содан кейін жоғарыдағыдай курстарды ментор көмегімен өту қажет. Мақсат - сертификат алу емес, жаңа жоба жасау. Тіпті ағылшын тілінің өзін сол курстарды оқу барысында-ақ үйренуге болады.
Сосын өзімізді мақтай бермей, шынайы жағдайымызды мойындау - бізге көмектесетін ең үлкен қадам. Мойындайықшы: біздің нағыз депутат - Назаров мырза. Міне, біздің шынайы деңгейіміз осы. Ол өз орнында ӘЛІ отыр; ол тіпті өзінің не істегенін де түсінбеді. Мақтанады. Ендігі жылы анасын тағы да құттауы мүмкін.
Отыз жылда екі-ақ президент көрдік, ал 1995 жылғы Конституциямыз, егер мен шателеспесем, кем дегенде алты рет енгерді. Бұл - біздің демократия деңгейіміздің айнасы. Ертең БАҚ-тан "госзаказды" алып тастаса 90% жабыла салады; бұл журналистика емес, бұл - мемлекетпен бизнес. Жағдай осындай.
Егер біз осылай, жағдайымызды мойындамай, тек көзбояушылықпен кете берсек - болашағымыз қазіргі жағдайдан да жаман болары мен үшін анық.
Шамамен сегіз жыл бұрын терапевтпен жұмыс істей бастағанмын. Сол жерде үйренген ең үлкен нәрсе - өзіңнің бойыңдағы өзіңе ұнамайтын қасиеттерді мойындау немесе ата-анаң да періште емес екенін, оларды қалай бар, солай қабылдауды үйрену. Нағыз прогресс - дәл осындай мойындаулардан басталады.
Қаласаң, мен осы мәтінді публикацияға дайын форматта (мысалы, Medium, Facebook, LinkedIn, Substack немесе Telegram пост ретінде) реттеп, жоғарғы жағына тақырып пен қысқа аннотация (2 сөйлемдік кіріспе) қосып берейін. Солай жасайын ба?
(Соңғы абзац әзіл зб)