2009-шы жаздың жаңалықтары
Бүгін менің ұйқым қанды…
Туиттерімді оқитындар, мен неге көп уақыт бойы жоқ болып кеткенімді біледі. Бірақ мен олар үшін күнде бармын, өйткені ол жерде құдайдың құтты күні отыратын болдым. Сондықтан блогыма жазбай жүргенімді байқамағанда шығар. Байқап қарасам, әрдайым, өзім білмей жазып жүрген тақырыпта бар екен, ол Алматы тақырыбы. Осы қалада тұрамын, оқимын, қызметте осында. Неге сол туралы жазып отырмасқа?)
Өзі болған жаңалықтар көп, ұмытпасам барлығын жазам.
Жұмысымды ауыстырдым. Бұрынғы орнымда тура екі жыл істеппін. Мен ол жерге аузы сары студент болып келіп едім, сұрағанымның барлығын үйретті, өзім ол жерде жұмыс істегеніме өте қуанушы едім. Өкінішке орай, кейіннен біздің лабаратория жабылды, ал адамдарын басқа лабараторияларға ауыстырды, “кризис” деп жұмыстан шығарды. Мен бұрынғыдай түнде жұмыс істей алмадым, бұл мен үшін өте маңызды. Егер бұрын өзім үшін, жұмыстан қанағат алу үшін істесем, енді ондай сезімдерді сезіне алмадым. Не болғанын кім біледі, әйтеуір дұрыс болмады…
Бірақ менің жұмыссыз күндерім көпке созылмады =) жұмыссыз отыра алмайды екенмін. Ал ең қызығы, мен ол жұмысты Туиттер арқылы таптым, немесе ол жұмыс мені тапты деседе болады. Ол күндері мен мына блогты көтеру үшін, WordPress туралы көп мақалалар жадым. Әрине туиттерден сол мақалаларға сілтемелер лақтырып отырдым. Осының барлығын оқыған кісі, маған WordPress-те істейтін сайттың веб-шебері болуды ұсынды. Жалақысы жақсы; жұмыс “удаленно”, офиске барудың қажеті жоқ; сүйікті WordPress! Тағы не керек?)
Оқу мәселесәне тоқталып өтейін. Ойлаған аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті болдым, Механика-математикалық факультеті. Бұйыртса, бірінші қыркүйекте сабаққа барамын =) Менің оқуға түскенім өте дұрыс болды. Алматы экономикалық колледжін бітіре сала, бар ойым осы оқу орны еді, неге екенін білмеймін, басқаларына барғым келмеді, тек КазГУ! Енді “Болашақ” туралы ойлауға да болады. Негізі колледжден кейін де түсүге болады екен (бакалавриат), бірақ менің дипломымның орташа баллы 4.0, ал керегі 4.5 – 5.0 балл. Егерде мен колледже оқығанда осыны білсем, мүмкін қазір бағам жақсырақ болар еді?) Ол кезде біздің оймызда тек осы колледжді бітіру еді. “Болашақ” туралы ойламадық, білмедік… Ал енді барлығы басқаша, енді білемін, ойлаймын, ұмтыламын. Неде болса, бір Алланың өзі жар болсын.
Жақынарада, бұйырса, ноутбук сатып алмақшымын. Онда блогер өмірі тағыды жақсы жағына өзгеретіні сөзсіз. Тұған ауылым Ақшиге сапар шекпекшімін) Ол жерді сағындым. Бұрын мүлдем ойламаушы едім, қазір қатты барғым келіп жүр, көпке емес, бір-екі күн маған молынын жетер еді… Достарыммен кездесіп, Тасқотанның суына бір сүңгіп, Күртінің балығын аулап, Ілеге шомылсам дегендей))
Осылай-осылай жазғы өзгерістерден рахаттанып жүргенім бар…
Бұл жазба 2009 жылы 4 тамызда жарияланған.