Елдар Құдайбергенов фото

Елдар Құдайберген

Қазақ тіліндегі жеке блог

Өмір ағыны

Студенттік өмір басталғалы бірнеше жеті өтті. Сабақтар басқаша, білім алу, колледжге қараганда анағұрлым қызықты. Студенттік өмір ағысына енді кіре бастадым. Алдында кішкене үлгермей, қиналған едім. Енді бір екі жетіден кейін мүлде проблема болмасына кәміл сенем. Егер білсеңіз, менің оқып жатқан тілім орыс тілі (патриоттық сезім жайында әңгіме айтпауыңызды сұраймын =), сондақтан көптеген қызықтар блогымның орыс тіл жағында болып жатыр. Уақыт өте осы блогтыңда тақырыбын жалғастырам.

Жаңа универде, жаңа таныстар пайда болды. Қазақстанның түпкүр-түпкірінен келген шала-қазақ бауырлар. Алматы барлығынада ұнады. Бірақ кішкене қымбатырық екенін байқап үлгеріпті. Өкініштісі — оларға жатақханадан орын бермеді, меніңде алғым келіп еді: “платникам комнаты не даем!” деп өшірді. Олардың ойынша, ақылы түрде оқыса, ата-анасы олигарх! Бақандай бес-алты жатақханасы бар, бір екі бөлмесін бөлсе, қандай жақсы болар еді.

Группаластармен Политехтің алдындағы жасыл шөпті (газон) иемдендік. Сабаққа кірер алдында, ертерек келгендер сол жерде жиналамыз. Үй тапсырмасын орындап, араласамыз. Басқа студенттер ешқашан солай жиналмағандай, алдымен бізге бақырайып көп қарады, біз түсінбедік. Кім білсін, мүмкін ол жерде отыруға болмайтын шығар, бірақ әлі күнге дейін ешкім ештеңе деген жоқ. Кейде сол жерге келіп түскі асымызды ішеміз. Көбінесе данер-кебабпен тамақтанамыз ))) Осындай кішкене жиындар топты жақсы біріктіреді.

Топтағылардың әңгімесін тыңдасаң, барлығы осындай топқа келгеніне өте қуанады, және достарының алдында мақтан тұтады екен. Сонда менде сіздің алдыңызды мақатанып отырғандаймын, бірақ мен жай ғана кезінде арман болған топты жинағаным жайында жазып отырмын =)

Қарап тұрсаныз, өмір ағыны барлығын өз орнына қойып, реттейтіндей…